Павлодарлықтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі
Білікті мамандар сұрақтарға жауап беріп, мәселені шешіп беруге тырысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
30 мамырда бір мезгілде еліміздің барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
– Заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап беріп, заң тұрғысынан көмектеседі, – делінген хабарламада.
Іс-шара Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында сағат 17:00-де басталады. Кіру – тегін.
«Халық заңгері» акциясы ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша өткізіледі.