Павлодарлық үздік тауар өндірушілер Түркістанда өз өнімдерін ұсынуда
Халықаралық семинар 4-5 наурыз күндері өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «Географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі» тақырыбындағы іс-шараны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырды.
– Масқаты – тұрақты дамуды ілгерілетудегі географиялық көрсеткіштердің ерекше рөлін талқылау. Семинарға Павлодар облысының үздік тауар өндірушілері де барды. Оның ішінде «ЭкодомПавлодар», «Молком Павлодар», «Жаңа роса» ЖШС, «Айтымаев» ЖК, «Ауыл Аманаты» бағдарламасының қатысушылары ет, сүт, сусын және басқа да өз өнімдерін ұсынды, – дейді басқармада.
Жиын ДЗМҰ, Еуропалық Одақ, Әзербайжан, Орталық Азия елдерінің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің, өндірушілер мен мамандардың басын қосты.
Семинарға Дүниежүзілік жəне Орталық Азия елдерінің зияткерлік меншік және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен патенттік сарапшылар қатысуда.