Павлодарлықтарға күмәнді қоңырауларға жауап бермеуге кеңес беріледі

Павлодарлықтарға күмәнді қоңырауларға жауап бермеуге кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс прокуратурасында интернет-алаяқтықпен күрес әдістері талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс прокуратурасы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің қатысуымен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Талқылау барысында құқық қорғау органдары мен банктердің қауіпсіздік қызметтерінің, оның ішінде жедел ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Интернет-алаяқтықпен және басқа да қоғамдық қауіпті әрекеттермен күрес бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.  

Жалпы, уәкілетті органдармен бірлесіп, «кредиттік» алаяқтық фактілерінің жолын кесу және анықтау бойынша кең ауқымды профилактикалық жұмыс басталды. 

Облыс прокуратурасы интернет-алаяқтықтың түрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы ескертеді:

  • құқық қорғау органдарының, банктердің және ұялы байланыс операторларының «жалған» қызметкерлерінен қоңыраулар;
  • онлайн-сатып алулар, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы;
  • лотореядағы ықтимал ұтыстар туралы қоңыраулар және т. б.;  
  • қолма-қол ақшаны көбейту туралы жалған инвестициялар.

Прокурорлар кез келген күмәнді қоңыраулар болғанда әңгімені дереу үзіп, түсініктеме алу үшін «102» нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.