Желіде Иманбектің жел туралы әні шықты

Желіде Иманбектің жел туралы әні шықты

Ақсулық саунд-продюсер әрі диджей Иманбек Зейкенов LIT Killah есімді музыкантпен El Viento (Жел) әнін жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Иманбектің осы жолғы серіктесі LIT Killah – аргентиналық рэпер. Latin Urbano жанрында ән жазады. Бірлескен туынды сол стильде орындалған. Әнді Spotify, Apple Music, Yandex Music, VK Музыка секілді платформалардан тыңдауға болады.

Иманбектің 2023 жылғы алғашқы әні Fake деп аталған болатын. Иманбек Зейкенов бұл әнді Crazy Donkey, Brando және Paradigm орындаушыларымен бірлесе жазды.

Ақсуда туып-өскен диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов 2019 жылы Saint Jhn «Roses» әніне ремикс жасап, «Грэмми-2021» сыйлығын ұтып алған. Бұған дейін бұрынғы КСРО кеңістігінде мұндай жетістікке қол жеткізген поп-орындаушы болған емес.

Айбек Жұматов