Павлодар жастарын көңіл көтеруге шақыруда

Павлодар жастарын көңіл көтеруге шақыруда
Фото: pexels.com / Leslie del Moral

Жастар орталығында жазғы маусым дискотекамен ашылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 мамыр күні сағат 18:30-да «Hello summer» іс-шарасы өтеді.

Аталмыш кеште сіздерді ойын-сауық бағдарламасы, би байқаулары және ұмытылмас дискотека күтеді. Достарыңыз бен жақындарыңыздың ортасында көңілді уақыт өткізіп, мереке мен позитивті атмосфераны тамашалаңыз! – дейді ұйымдастырушылар.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.

Кіру – тегін.