Павлодарда шетелдік суретшілердің графикалық көрмесі қойылады

Павлодарда шетелдік суретшілердің графикалық көрмесі қойылады
Фото: Константин Шелков

Көрмеде қарындаш, акварель, сия суреттерімен салынған графикалық туындылар ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Н.Нұрмұхамедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде «График-fest» атты графика фестивалі өтуде. 

Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайылов, Евгений Сидоркин, Сергей Калмыков, Үке Әжиев, Павел Зальцман, Алексей Бортников, Сахи Романов, Құлахмет Хожықов, Макум Кисаметдинов, Салихитдин Айтбаев, Арсен Бейсембинов, Регина Великанова, Сергей Калмыков сияқты отандық танымал қылқалам шеберлерінің графикалық туындыларымен қатар шетелдік суретшілердің шығармаларын көріп тамашалай аласыз.

Көрмеде қарындаш, акварель, сия суреттерімен қатар офорт, монотипия, линогравюра, литография, экслибрис сияқты бірегей және баспа графикасының 100-ден астам үлгі мен баспа, кітап безендіру тарихын баяндайтын құнды жәдігерлері орын тапқан.

Көрме 12 қазанға дейін жұмыс істейді.