Павлодарлықтар аулада судың жиналуына шағымданды
Қала әкімінің орынбасары тұрғындардың мәселелеріне құлақ асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ануарбек Аманов Хасар Хабылбековтың тапсырмасы бойынша Павлов көшесі, 69 бойындағы үйдің тұрғындарымен кездесті.
– Тұрғындар абаттандыру, жаңбыр мен ағынды сулардың жиналуы мәселесімен жүгінді. Геодезистермен бірге аймаққа талдау жүргізу және ұсыныстарды ескере отырып, көшелер арасындағы жолдарды асфальттау шешімі қабылданды. Сонымен қатар, қала тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасының бағдарламасына қатысу шарттары мен рәсімдерін түсіндірдім, – деп жазды ол өзінің «Instagram» парақшасында.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары тұрғындардың шағымдарын ескере отырып, жергілікті полиция қызметімен осы учаскеде патрульдеуді күшейту мәселесін пысықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram