Павлодарлық донор үш адамға жаңа өмір сыйлады

Павлодарлық донор үш адамға жаңа өмір сыйлады
Фото: автор

Бақилық болған адамның туыстары ауыр да, бірақ аса ізгі шешім қабылдап, қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақтық трансплантология үйлестірушісі Дмитрий Потеребухтың айтуынша, донор – 1982 жылы туған ер адам. Өткен аптада ол ауыр бас-ми жарақатымен ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін бірден трепанация жасап, ми ішіндегі гематоманы алып тастаған. Алайда жағдайы күннен-күнге нашарлай берді.

– Жұма күні ота жасалғанымен, сенбіден бастап науқастың жағдайы күрт нашарлады. Жексенбі күні ми өлімі белгілері байқалды. Ал дүйсенбі күні консилиум ресми түрде «ми өлімі» диагнозын қойды. Біз барлық хаттаманы сақтап, тәуліктік бақылаулар жүргіздік. Өкінішке қарай, мидың қызметі толық тоқтады, – дейді ол.

Науқастың көзі тірісінде донорлыққа қатысты келісімі немесе қарсылығы туралы ресми шешімі болмаған. Сондықтан дәрігерлер оның туыстарымен байланысқа шықты.

– Біз жақындарын шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Олар бұл тақырыпты бұрын естіген екен. Ашық қарсы болмады, керісінше, түсіністікпен қарады. Олар орган күтіп отырғандардың да тағдыры барын жақсы түсінді. Ақырында келісімдерін берді. Бұл – нағыз азаматтық пен адамгершілікке лайық шешім, – дейді Дмитрий Потеребух.

Келісімнен кейін донордың ағзалары жан-жақты тексерістен өтті. Әуелі инфекцияға сараптама жасалды. Бұл кезең – негізгі талаптардың бірі. Егер инфекция табылса, донорлық процесс бірден тоқтатылады.

– Зерттеулерден соң жүрек пен екі бүйрек жарамды деп анықталды. Бауырды қараған кезде визуалды түрде жарамсыз екені белгілі болды. Осылайша, үш органды алуға шешім қабылданды. Арнайы бригада Астанадан келіп, Павлодардың №1 қалалық ауруханасында жүрек пен бүйректерді алды, – деді үйлестіруші.

Органдардың жеткізілуіне шамамен төрт, бес сағат кеткен. Бұл уақыт медициналық талаптарға сай. Жүректі арнайы құрылғыда – «мини-роботта» тасымалдаған. Онда орган қанмен қамтамасыз етіліп, жұмысын жалғастыра береді.

Мультиағзалық алу – көптеген қызметтердің нақты әрі үйлесімді өзара әрекеттесуін талап ететін күрделі процедура. Бұл жолы да ерекше жағдай орын алды: қала әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жабық болғандықтан, ағзалар Астанаға жер үсті көлігімен жеткізілді. Жеткізу барысында Ішкі істер министрлігінің сүйемелдеуі маңызды рөл атқарды.

– Қазірдің өзінде жүрек пен екі бүйрек жаңа иелеріне салынды. Жүрек жедел түрде кешегі күні, ал бүгін екі бүйрек трансплантацияланды. Үш адамға жаңа өмір сыйланды деуге толық негіз бар, – деді Дмитрий Потеребух.

Мұндай трансплантация – тек дәрігерлердің еңбегі ғана емес. Үлкен логистикалық тізбек іске қосылады.

– Бұл процеске ондаған адам қатысады: хирургтер, анестезиологтар, санитарлар, медбикелер, полиция қызметкерлері, министрлік пен басқарма мамандары. Әрқайсысы өз үлесін қосады. Бір ғана донордың арқасында үш адамның өмірі құтқарылды, – деді бөлім меңгерушісі.

Дмитрий Потеребухтың айтуынша, әрбір азамат тірі кезінде «иә» немесе «жоқ» деп шешім қабылдап, құжат түрінде рәсімдесе де, қазір шешімді ең жақын туыстары – ата-анасы немесе балалары қабылдайды. Өйткені мыңдаған адамның өмірі әрбір шешімге байланысты. 

Павлодар облысында қазіргі уақытта 214 адам орган ауыстыруды күтуде: 199 – бүйрекке, 11 – бауырға, 3 – жүрекке, 1 – өкпеге мұқтаж.

Бірақ көрсеткіш өсіп келеді: былтыр өңірде небәрі 6 мәйіттік донор болса, биыл тамыз айына дейін 8 донор