Павлодарлықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай қатыса алады

Павлодарлықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай қатыса алады
Фото: www.worldnomadgames.kz

Халықаралық жарыстардың басталуына 24 күн қалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

6 тамызда Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты мен барлық жарыстарына билеттер сатыла бастады. Әлемдік этноспорттың басты іс-шарасына 89 елден екі мыңнан астам спортшы қатысады.

Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйекте «Астана-Арена» стадионында өтеді. Қалған билеттердің құны – 15 мыңнан 20 мың теңгеге дейін.

Спорттық бағдарламаға 21 спорт түрі кіреді. Жарысқа билеттердің орташа бағасы 3600 теңгені құрайды. Кешкі бағдарламаларға арналған орындар қымбатырақ.

Көрермендердің белгілі бір санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған. 50 пайыздық жеңілдік тарифі кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлер үшін қол жетімді. Бес жасқа дейінгі балалар мен I және II топтағы мүгедектер растайтын құжатты көрсеткен кезде билеттерді офлайн кассаларда тегін ала алады. 

Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының сайтынан www.zakazbiletov.kz және www.worldnomadgames.kz  сайтынан «билет сатып алу» батырмасын басу арқылы сатып алуға болады