Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай белгілі болды

Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай белгілі болды
Фото: Константин Шелков

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88,7 пайызға толды.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100 пайызға толы.

Солтүстік Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы 100 пайызға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97 пайыз.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4 пайыз.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 38,5 пайызға толды.

Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,5 пайызға толы.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92 пайыз.

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.