Павлодарлықтардан балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды сұрады
Сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс тұрғындарынан балаларға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарлауды сұрайды.
– Өкінішке орай, көптеген бала зорлық-зомбылықтың түрлі формаларынан зардап шегуде. Ол физикалық, эмоционалдық, жыныстық және тіпті қорқытып тастау түрінде көрсетілуі мүмкін. Мұндай жарақаттар баланың жан дүниесінде бітпейтін жара қалдырады. Күшімізді біріктіріп, әлемімізді балалар үшін қауіпсіз етейік. Әрбір өтініш орталық және жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралады, – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасындағы бірыңғай сенім телефондары 111, 150. Сол нөмірлер арқылы психологтың тегін кеңесін алуға болады. Анонимділікке кепілдік беріледі.