Павлодарлық оқушылар суда қауіпсіздік негіздерін меңгерді

Құтқарушылар балаларға су айдындарында қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайда әрекет ету және алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне арналған арнайы сабақтар өтті. Іс-шара шомылу маусымы қарсаңында оқушыларға қауіпсіздік дағдыларын үйретуге бағытталды.
– Сабақ барысында балаларға өзенде, көлде немесе бассейнде өзін дұрыс ұстау, бейтаныс жерлерде сүңгуге болмайтындығы, төтенше жағдай кезінде көмек шақыру және суға батып бара жатқан адамға қалай көмектесу керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері де қарастырылды, – делінген хабарламада.
Оқушылар бейнематериалдар мен интерактивті тапсырмалар арқылы нақты жағдайларды талқылады. Сабақтың ерекше бөлігі құтқарушы маман өткізген мастер-класс болды. Онда балалар құтқару шеңберін дұрыс қолдану және шұғыл қызметтерді шақыру әрекеттерін тәжірибе жүзінде орындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram