Павлодар облысының мектеп пікірсайыс клубтары арасында байқау жарияланды

Павлодар облысының мектеп пікірсайыс клубтары арасында байқау жарияланды
Фото: Константин Шелков

Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары Астанада өтетін финалға шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«OzgerTeam» қоғамдық қоры ең үздік мектеп пікірсайыс клубын анықтайтын «Sanaly Orta» ұлттық байқауын ұйымдастырады. Бас жүлде – бір миллион теңге. Аталмыш байқау үш кезеңнен тұрады: пікірсайыс клубтарының тіркелуі, клуб туралы үш минуттық бейнеролик дайындау және аймақтық кезеңнің жеңімпаздары Астанада өтетін финалға қатысуы.

Айта кетейік, тіркелу 2024 жылғы 14 қарашаға дейін ашық.