Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препарат толық көлемде жеткізілді
Биологиялық препараттың жалпы көлемі – 157 тонна, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мамандары мен мердігер ұйымның өкілдері қалған 37 тоннаны қабылдады. Олар «Реактив» ЖШС мамандандырылған қоймасында сақталады.
– Жақын арада химиялық препарат жеткізіледі. Дезинсекциялық жұмыстарға дайындық жалғасын табады, – деді басқармада.
Еске сала кетейік, биыл жаңа алгоритм бойынша «Бактицид» алғаш рет Павлодар және Ертіс аудандарының алқаптарында шашыратылады. Өткен жылы 70 мың гектарға жуық алқап өңделсе, ағымдағы жылы авиациялық өңдеу 127 мың гектарды қамтиды. Өңірде барлығы төрт ауданның 59 елді мекенінде тосқауылдық дезинсекция жүргізу жоспарлануда. Мердігер – «В и К ЛТД» ЖШС.