Павлодар облысына жайылымдарды жаңарту үшін су жіберіледі

Бұл экологиялық жағдайды жақсартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биылғы жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі жергілікті экожүйелердің жағдайын сақтау үшін 2,5 миллиард текше метр суды экологиялық шығарындыларға бағыттауды жоспарлап отыр. Өткен жылы осы мақсаттарға 1,5 миллиард текше метр су бөлінді.
– Өткен жылы Шүлбі су қоймасынан 6,7 текше метр су жіберіп, Ертіс өзенінің 82 пайызын жаңартылды, – деп хабарлады Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасында.
Министрлік 219 көлді толтыруды, 204,2 мың гектардан астам шабындық алқапты су басуды, өзен жайылымдарындағы 5,23 мың гектар орманды суландыруды жоспарлап отыр.
– Осы жұмыстар жағалаудағы аудандардағы экологиялық жағдайды және сумен қамтамасыз етуді жақсартады. Барлық шараларды жүзеге асыру, құрғақшылық қаупін азайтуға, жем-шөптік алқаптардың жоғалуын болдырмауға, ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйелердің тұрақты дамуына ықпал етеді, – деп қосты Су ресурстары және ирригация министрлігінде.
Ағымдағы жылы Павлодар облысы бойынша суды жіберу көлемдері мен мерзімдерін су шаруашылығы жағдайын ескере отырып, шамамен сәуір айының бірінші онкүндігінде ведомствоаралық комиссия анықтайды.