Қашып бара жатқан: Павлодарда жоғалған әйелді іздестіру жалғасуда
Іздеу іс-шаралары Екібастұзда жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Vita» ұйымының еріктілері Қырмызы Сарбасоваға қатысты түскен ақпаратты пысықтады, алайда ешбір дерек расталмады.
– Бейнебақылау камерасында әйелдің жылдам қадам басып, қашып бара жатқаны көрінеді. Дегенмен оның қайда кеткені әлі белгісіз, – дейді еріктілер.
Іздеушілер ұйымында Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі Самал), +7 (747) 615 55 63 (топ жетекшісі Катерина).
Естеріңізге сала кетейік, әйел адам 28 наурызда таңғы сағат 5-те Ломоносов көшесінде орналасқан әкесінің үйінен кетіп қалған.