Павлодарда итін көлігіне байлап тізгіндеген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Иесі жоғалған итін үйіне апармақшы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға 3 тамызда Павлодар облысының Жаңауыл кентінде болған.
– Иесінің айтуынша, ит жоғалып кеткен. Оны бір айдан кейін ғана тапқан және үйіне апарғысы келген. Ит бой бермегендіктен азамат оны көліктің салонына отырғыза алмаған. Сондықтан итті көлікке байлап, үйіне жеткізген, – делінген хабарламада.
Ит иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша ит иесі 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл төлеу тиіс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram