Павлодарлықтарды жұмыс берушілердің кеңпейілділігіне сенбеуге шақыруда

Павлодарлықтарды жұмыс берушілердің кеңпейілділігіне сенбеуге шақыруда

Құқықтарыңыз қорғалсын десеңіздер еңбек қарым-қатынастарын кем дегенде келісім-шартпен рәсімдеу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде сөйлеген облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов маңызды зерттеу қорытындыларымен таныстырды.

- Біздің статистика бойынша бізге келіп түскен еңбек келісім-шарты бар арыз-шағымдардың 100% оң шешілді, - деді Асқар Қапанов. – Өз-өзіме сенбей, сандарды бірнеше рет тексеріп шықтым. Еңбек келісім-шарты жоқ даулардың шамамен 50%-на жуығын қанағаттандырдық.

Облыстық еңбек басқармасының басшысы еңбек қарым-қатынастарын ресми тіркемеген азаматтар отпен ойнайды. Мұндайда олар тек жұмыс берушінің кеңпейілділігіне немесе соттың қандай да бір дәлелдеме табатынына ғана сенуге мәжбүр. Басқа жағдайда азаматтар өз құқықтарын қорғай алмайды.

2022 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардың 1765 өтінішін қарады. Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыра отырып, 350 тексеру жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 72 млн теңге сомасына жалақы бойынша борыш өтелді және сол арқылы 324 қызметкердің құқықтары қорғалды.

Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 86 әкімшілік ескерту жасалып, жалпы сомасы 10,5 млн теңгеге 118 әкімшілік айыппұл салынды.

Фото: Константин Шелков