Шарбақтыда темір жол маңында 30 сиыр қараусыз жайылып жүрді

Шарбақтыда темір жол маңында 30 сиыр қараусыз жайылып жүрді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мал иесі ескерту алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қараша айынан бастап облыста рейдтік іс-шара жүргізілуде. Рейд барысында Шарбақты стансасындағы желілік полиция бөлімінің майоры Әлібек Ахметов пен Павлодар стансасы желілік бөлімінің көші-қон қызметі тобының полиция капитаны Аслан Нұркенов малдың қараусыз жүргенін анықтады. Сиырлар темір жолдың маңайында жүріп, Құркөл ауылындағы қораға қамалған.

– Қараусыз темір жол маңайында жүрген 30 ірі қара мал иесіне ҚР ӘҚБтК 559-бабы 1-бөлігі бойынша алғашқы ескерту жасадық, – деді желілік полиция бөлімінің баспасөз қызметінде.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.