Железин ауданында талантты дизайнерлерді таңдайды
Ауданның 90 жылдығына орай логотип жасауға арналған байқау жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Железин ауданының әкімдігі талантты дизайнерлер мен креативті тұрғындарды анықтау және қолдау және мерейтойлық жылдың бірегей символын жасау мақсатында конкурс өткізеді. Логотип Железин ауданының бірегейлігін, оның тарихын, мәдениетін және қазіргі дамуын бейнелейтін көрнекі символ ретінде болу қажет.
Қатысуға жасына және кәсіби дайындығына қарамастан барлық ниет білдірушілер шақырылады. Логотип түпнұсқа болуы, авторлық құқықты және басқа заң нормаларын бұзбауы керек. Сондай-ақ, ол ресми құжаттарда, баспа және электрондық өнімдерде, сыртқы жарнамада және кәдесый өнімдерінде пайдалану үшін әмбебап болуы қажет.
– Байқау екі кезеңде өткізіледі: 6-23 қаңтар аралығында өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау және 24-30 қаңтар аралығында жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау,– деді аудан әкімдігінде.
Жұмыстарды «логотип конкурс» деген белгімен ovp.ry.azhr@pavlodar.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Жіберілетін логотиптің техникалық талаптары:
- Файл пішімі: JPEG, PNG, және векторлық файл (AI, EPS, SVG) ;
- Ажыратымдылық: кемінде 300 dpi;
- Түрлі-түсті және ақ-қара нұсқада қолдану мүмкіндігі.
Өтінімде қатысушының аты-жөні немесе ұжымның атауы, байланысдеректері (телефон, e-mail), логотип идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетілуі тиіс. Қосымша ақпараттты Железин ауылы, Әуезов көшесі, 19 мекенжайын бойынша немесе 2-23-76 телефоны арқылы білуге болады.