Екінші Павлодарда жылу желілері жоспардан тыс күрделі жөнделе бастады
Бұл қыста жылумен жабдықтауды жақсарту үшін жасалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның мәліметінше, жылу желісінде анықталған ақауларға байланысты № 721 жылу камерасынан басталатын желі учаскесіне жоспардан тыс күрделі жөндеу жүргізілуде.
– Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қызметкерлер жылу желісінің беріктігін арттыру мақсатында Российская және Мүткенов көшелерінің тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін жылу желісі арасындағы технологиялық байланысты қамтамасыз ететін диаметрі 325 миллиметр 200 метрлік учаскені жоспардан тыс күрделі жөндеу жұмыстарын бастады,– деді компанияда.
Аудан тұрғындарының үйлеріндегі жылу қысқа уақыт мерзімге ажыратылады. Ал жылу желісін ауыстыруға байланысты барлық негізгі жұмыстар тұтынушыларды жылумен және ыстық сумен жабдықтаудан ажыратпай жүргізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram