Сән жандануы: Павлодарлық жиһаз цехі ассортиментін көбейтуде

Өндіріс орны ай сайын үш жаңа модель ойлап табады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Цех өзінің жұмысын 2014 жылы бастады. Он жыл ішінде мекеме Қазақстан нарығындағы сенімді өндіруші ретінде танылды.
—Біз алғашқыда жиһаздың қарапайым үлгілерін шығарудан бастадық, ал бүгінде кең ассортимент ұсынамыз: керуеттер, дивандар, креслолар, пуфиктер. Сондай-ақ, тапсырыс берушінің өлшемі мен талғамына сай жеке тапсырыстарды орындаймыз, — деді «MAGNET MEBEL» ұйымының басшысы Ерболат Бажаев.
Қазіргі уақытта цехте жиырма қызметкер жұмыс жасайды. Өндіріс айына 100-120 жиһаз әзірлейді. Олардың ішінде бесеуі жаңа үлгіде шығады.
— Бүгін минимализм және лофт стиліндегі дивандарға сұраныс жоғары. Түстерге келетін болсақ ашық ренгтегі жиһаздарды жиі алады, — деді Ерболат Бажаев.
Биыл мекеме өндірістік қуаттылықты арттырып, өнім түрлерін кеңейту мақсатында 17 миллион теңгеден астам көлемінде мақсатты несие алды.
—«Даму» қоры арқылы қаржылай қолдау алдық. Сомма аясында біз шикізат өнімдерін және қолданыстағы техниканың жартысын жаңарттық, — деді компания басшысы.
Ұйым ағашты Ресейден тапсырыс берсе, маталарды отандық брендтерден алады. Ал декоративті бұйымдарды жергілікті кәсіпорындардан тапсырыс береді.
Сонымен қатар, цех өздерінің жұмыстарын халықаралық көрмелерде ұсынады. 2023 жылы «Ulttyq Onim» көрмесіне қатысып, отандық өндірушілер арасында өз орнын көрсетті.