Павлодар облысының екі аудан фермерлері арнайы бағдарламада белсенділік танытуда
Өтінімдердің 20 пайызы ғана орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында аймақ басшысы Асайын Байханов ауа райының қолайсыздығына байланысты жемдік астықты беру бойынша іске қосылған арнайы өңірлік бағдарламаның қалай жүзеге асып жатқанын сұрады. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаевтың айтуынша, бағдарлама бойынша өтінім берген 195 ауыл шаруашылық тауар өндірушінің тізімі құрылды.
– Бүгінде 2714 тоннаға түсті өтінімдер, оның 367 тоннасын алып кетті. Өтініштер әлі де түсіп жатыр. Қала мен аудандар арасында Екібастұз қаласы, Баянауыл мен Ақтоғай аудандарының тұрғындары белсенділікті танытуда, – деді ол.
Асайын Байханов бұл жұмыстың баяу жүргізіліп жатқанын атап өтіп, неліктен қалған фермерлерге жем астығы берілмей қалу себебін «Павлодар «ӘКК» АҚ мен бейінді басқармаға анықтауды тапсырды.