Тілсіз жауға тосқауыл: Павлодар облысы өрт маусымына дайындықты күшейтті

Тілсіз жауға тосқауыл: Павлодар облысы өрт маусымына дайындықты күшейтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автожолдар мен орман алқаптары бойында қауіпсіздік белдеулері жыртылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар өңірінде жергілікті атқарушы органдар орманшылықтармен бірлесіп су айдындарының, бау-бақша алқаптарының, орман қорының жанында және елді мекендердің периметрі бойынша құрғақ шөп тұрған жерлерді шабу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шаралар өрт қауіпті маусымға дайындық шеңберінде жүзеге асырылады.

– Сондай-ақ, облыс әкімдігі бекіткен Павлодар облысының аумағында орман және дала өрттерінің пайда болу және оларды жою тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес автокөлік және темір жолдар, электр беру желілері бойындағы, ауылдар мен орман қоры учаскелерінің айналасындағы орман белдеулерін жырту жоспарланған. Жұмыстар жер құрғаған кезде орындалады, – деді ТЖ департаментінде. 

Жауапты мекемелердің мәліметінше, атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – өрттің алдын алу, тілсіз жаудың елді мекендерге және инфрақұрылым нысандарына таралу қаупін барынша азайту.