Павлодар облысында аптаның аяғына дейін қатты ыстық болады
Өткен аптадан бері аптап ыстық ауа райы сақталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +27...+32°С көрсетеді.
18 шілде күні түнде +13...+18°С көрсетсе, күндіз ауа температурасы +28...+33°С дейін көтерілетін болады.
19 шілдеде түске дейін облыстың батысында,солтүстігінде, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Күндіз қатты ыстық болады деп күтіледі +33...+38°С , облыстың солтүстігінде +28°С болады.
20 шілде күні облыстың көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтіледі. Ауа температурасы +27...+32°С дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыста секундына 9-14 метрге дейін соғатын болады.
Жұма күні күндіз күндіз ауа температурасы +27...+32°С көрсетеді. Облыстың батыс пен оңтүстік бөлігінде аздап жаңбыр жауады.
Сенбіде күндіз + 29 ...+34°С-ты көрсетсе , ал облыстың солтүстігінде +26 °С болады. Желдің екіпіні солтүстік-батыста 9-14 метрге дейін жетеді.
Жексенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы +28...+33°С-қа дейін көтеріледі.
Фото: Константин Шелков