Павлодарлық бойжеткен «Кеңсе аруы» халықаралық байқауының жартылай финалисі атанды
Алда негізгі дауыс беру кезеңі күтіп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
26 жастағы Валерия Степчук халықаралық сұлулық байқауында «Кеңсе аруы» атағына таласатын жүз қыздың тізіміне енді. Сайыскерлер арасында Ресей, Швейцария, Түркия, Беларусь, Грекия және басқа да елдердің тұрғындары бар.
Байқауға 20 мен 35 жас аралығындағы кеңсе қызметкерлері ғана қатыса алады. Параметрге қойылатын талаптар жоқ.
Валерия елордалық «Solidcore Eurasia» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Ол көктемде «Miss Office» байқауының жартылай финалына өтті. Бойжеткеннің айтуынша, іріктеу кезеңдері оффлайн және онлайн режимінде өтіп, қазақстандықтар әйелдері қашықтықтан қатысқан. Байқауға қатысушылар визит картасын ұсынып, шығармашылық қойылым дайындауы керек еді. Павлодарлық аруға 14 саны бұйырған екен, оның пікірінше, бұл символдық белгі болған.
– Тізімді және өз нөмірімді көргенде, бұл белгі деп ойладым, өйткені 14 – 14-ші облыс, Павлодар облысы, менің Отаным. Комиссия кастинг қорытындысын шығаруға кеткенде мен сәл босаңсып, демімді шығардым. Нәтижелерді жариялайтын сәт келді: мен өз нөмірімді, атымды естігендегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Қазірдің өзінде жартылай финалдамын. Бұл да – шағын жеңіс, бірақ енді менің арманым – дауыс беруден сәтті өтіп, осындай ауқымды жарыстың финалында Қазақстанның атынан шығу, – дейді ару.
Онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша павлодарлық финалға өтіп, Мәскеуге аттанатын 30 кеңсе қызметкерінің қатарына қосылуы керек. Бұл кезеңде интернет қолданушылары сайыскерлерге дауыс береді. Кез келген адам Валерия Степчукке қолдау көрсете алады.
Дауыс беру Miss Office байқауының веб-сайтында «қатысушылар» бөлімінде 6 қазанға дейін жалғасады. Шарттарға сәйкес, пайдаланушылар бірден үш қызды қолдауы керек, әйтпесе таңдау есепке алынбайды
– Дауыс беру үш аптаға созылады. Бұл – мен үшін қиын кезең. Мен бұрын-соңды мұндай жарыстарға қатысқан емеспін, бірақ павлодарлықтардың қолдауымен алдағы уақытта да алға ұмытылатыныма сенемін, – дейді Валерия Степчук.
Валерияның мемлекеттік тілді білуге арналған байқауларға қатысу тәжірибесі мол. Бірнеше рет облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.