Таза Қазақстан: Екібастұздықтар Шаңдақсор көлін тазалады

Таза Қазақстан: Екібастұздықтар Шаңдақсор көлін тазалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еріктілер көл аумағынан 5 тоннадан астам қоқыс жинады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кеншілер шаһарында «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ аумағында Шаңдақсор көлі маңында ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Оның басты мақсаты – табиғи ресурстарды, әсіресе су объектілерін сақтау, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға қоғамды тәрбиелеу болды. 

– Акцияға 14 арнайы техника қатыстырылды, сонымен қатар Павлодар облысында жұмыс істейтін «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың шамамен 1300 қызметкері қатысты. Соның ішінде Казпочта, ҚТЖ, КЕГОК, ГРЭС-2, ГРЭС-1 және ТЭЦ мамандары бар. Қатысушылар көлдің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, экожүйені сақтау мен өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті арттыруға елеулі үлес қосты, - делінген хабарламада.

Акцияға қатысушылар әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін, азаматтық белсенділікті және туған өлкенің табиғатына шынайы қамқорлықты көрсетті.