Павлодарлықтар тегін заңгерлік кеңес ала алады
Қажет болған жағдайда тұрғындар кеңесті қашықтықтан да алуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шараны 2014 жылдан бері Қазақстан тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беріп келе жатқан «Сарыарқа» заңгерлік кеңес беру құқықтық орталығы ұйымдастыруда.
- Құқықтық орталықтың негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға, сондай-ақ құқықтық қолдауға мұқтаж барлық адамдарға кәсіби түрде тегін көмек көрсету, - делінген хабарламада.
Атап өтерлігі, мамандардан кеңесті әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қашықтан да алуға болады.
«Сарыарқа» заңгерлік кеңес беру құқықтық орталығының барлық іс-шаралары тек әлеуметтік және қоғамдық пайдалы сипатқа ие, коммерциялық емес және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Тегін кеңес алу үшін байланыс нөмірі: +7 701 870 98 89.