«Таза Қазақстан»: Павлодарда тазалық айлығы басталады

«Таза Қазақстан»: Павлодарда тазалық айлығы басталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Науқан бір айға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімдігі мәлімдеді.

– 18 сәуірден 18 мамырға дейін облыс орталығында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында абаттандыру және тазалық айлығы өтеді. Тазалық айлығында ТҮКШ бөлімі тарапынан арнайы техника ұйымдастырылады, қоқыс шығару бойынша өтінімдерді 8 702 340 75 50 нөміріне қалдыруға болады. Сондай-ақ, тазалық айлығы кезінде полигон қоқысты тегін қабылдайды, - делінген хабарламада.

Ауқымды акцияға барлық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және бизнес нысандары қатысады. Әкімдіктегілер  қала тұрғындарын белсенді қатысуға және өз үлестерін қосуға шақырады. 

Бұл – күш біріктіріп, қаланы бұрынғыдан да таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы етуге тамаша мүмкіндік.