Павлодарда қиын жағдайға тап болған тұрғынға баспана алуға көмек көрсетілді
Қала әкімдігінің қызметкерлері оған қолдау білдіріп, үйінің кілтін табыс етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы мансап орталығының мәліметінше, Татьяна Осадчая 2023 жылы қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығына уақытша тұруға және жоғалған құжаттарын қалпына келтіруге өтініш білдірген.
– Орталықта оған уақытша тұру, құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу сияқты барлық әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Қайта әлеуметтендіру орталығындағы адам үшін көптен күткен пәтерді алу – өміріндегі маңызды кезең, – дейді орталықта.
Космонавтар көшесі, 1/50 мекенжайы бойынша орналасқан қайта әлеуметтендіру орталығы қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға қолдау көрсетіп, олардың қоғамдағы толыққанды өмірге оралуына көмектеседі. Байланыс телефоны: 8(7182) 623068