Қазақстанның ең үздік он театры Павлодарда өнер көрсетеді

Қазақстанның ең үздік он театры Павлодарда өнер көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өнер майталмандары халық назарына басқа сахналарда көрсетілмеген қойылымдарды ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толып отыр. Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында белгілі драматургтің мерейтойына орай «Ертіс-Баян» I Республикалық театр фестивалі өтеді.

Еліміздегі ең үздік өнер ордаларының премьералық қойылымдарын бағалайтын театр фестивалі 20-25 қыркүйекке жоспарланған.

Фестиваль отандық театр өнерінің үздік туындыларын, қазіргі театр үдерісінің негізгі бағыттарын анықтау, театр өнерінің классикалық және заманауи мұралары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, актерлік шеберліктің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ театр өнерінің ең үздік туындыларын және театр әлеміндегі жаңа есімдерді анықтау мақсатында өткізіледі, – деді Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында.

Іс-шараны ұйымдастыруға облыстық тілдерді дамыту және архивтер басқармасы және облыс әкімдігі септігін тигізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, павлодарлық көрермендер еліміздің ең үздік театрландырылған қойылымдарын тамашалауға және Қазақстандағы ең үздік өнер ордалары ұсынатын актерлердің актерлік шеберлігімен және шығармашылығымен танысуға бірегей мүмкіндік алды. Қатысушыларға қойылатын басты талап қойылым басқа театрлардың сахналарында көрсетілмеуі керек, сонымен қатар қойылымның премьерасы бір жылдан аспауы керек. 

Олар бұл әріптестер арасындағы бәсекелестікті арттырады деген ойда.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 140.

Естеріңізге сала кетейік, Алаш ардақтысының мерейтойына орай Баянауыл ауданында «Мәдени кіндік» рухани тәрбие және білім беру кешеніне Ж.Аймауытовтың аталас туысы, баянауылдық өлкетанушы Рамазан Нұрғалиевтің бастауымен белгітас орнатылды.