ТЖД павлодарлықтарға жаңа челлендж жолдады

ТЖД павлодарлықтарға жаңа челлендж жолдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар облыс тұрғындарына терезелерге қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өзіңнен баста» челленджін бастады. 

Бұл челлендж балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеуге және қауіпсіздік шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі басымдық болып табылады және оны қамтамасыз етуге әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз. Облыс тұрғындарын терезелерге қорғаныс құрылғыларын орнатуға және үйде өзін қалай ұстау керектігі туралы балалармен түсіндірме әңгімелер жүргізуге шақырамыз, – дейді облыстық ТЖД-ның баспасөз орталығында.

ТЖД қызметкерлері «Өзіңнен баста» челленджін облыстың барлық мемлекеттік органдары мен азаматтарына жолдайды.