Ауыл романтикасы: Павлодар облысында фотосуретшілер ақша ұта алады

Жалпы жүлде қоры 1,8 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы жастар орталығының мәліметінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен «Ауыл нақыштары» атты фотобайқау жарияланды. Оған жасына, кәсібіне және хоббиіне қарамастан барлық азаматтар қатыса алады.
– Әр қатысушы ең көп дегенде үш фотосурет ұсына алады. Туған өлкенің тұмса табиғаты мен жақындарыңыздың жан сұлулығы, ауыл романтикасы және табиғат пен көшпелі мәдениет тақырыбында жұмыстар қабылданады, – деді орталықта.
Байқау жүлдесі:
1-орын - 700 000 теңге;
2-орын - 500 000 теңге;
3-орын - 300 000 теңге.
Фотосуреттер 11 наурызға дейін қабылданады.
Байқауға туралы қосымша ақпаратты Auyl.kz сайтынан білуге болады.