Железин ауданында азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті арттырма

Бұл жоба «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2023 жылғы 16 қарашада қабылданған «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Железин ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Железин аудандық мәслихатының шешімі қабылданды.
Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, радиациялық апаттар мен апаттардың зардаптарын жоюға қатысушылар, Чернобыль апатына қатысушылар және тағы басқа санаттағылар бұрын 150 мың теңге қолына алса, осы жылы 50 АЕК немесе 196 600 теңге алатын болады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар екі миллион теңге алса, биыл бес миллион теңге алады
Ал Халықаралық әйелдер күніне көп балалы аналар бұрынғыдай – 5 АЕК немесе 19 660 теңге алатын болады.
Қоғамдық талқылау ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді.