Жас павлодарлықтар Қазақстанның ең мықты академиясының ойыншыларымен күш сынасты
Талдықорғанда футболдан 2012 жылы туған ойыншылар арасындағы ел чемпионатының соңғы алтыншы туры басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бірінші матчта Нұрлан Байжұмановтың шәкірттері ең қиын қарсылас – еліміздің түкпір-түкпірінен үздік футболшыларды жинайтын Қазақстандағы ең мықты болып саналатын алматылық «Қайрат» футбол клубының академиясымен кездесті. «Ақсу» матчты белсенді бастады, бірақ бойшаң әрі денелі алматылықтар ойын тізгінін қолға алып, есеп ашты.
Жіберіп алған гол балалардың моральдық жағдайына кері әсерін тигізсе керек – команда ұзақ уақыт бойы өз ойын таба алмай қиналды. Біраз уақыттан кейін павлодарлық қорғаушы қарсыластың шабуылшысын жасыл майданға құлатты – төреші пенальти белгіледі. Ереже айып алаңына дейін бұзылса да, судья «нүктеге» көрсеттің. Қалай болғанда да, «Ақсу» қақпашысы Латифулла Сұлтанбек бірінші соққыны қайтарып алып, келесі сәтте қарымта соққыны қағып жіберді – әділдік жеңіске жетті. Айта кетейік, павлодарлықтардың қақпашысы бұл матчта барлық мақтаулардан жоғары ойнады.
Мұны Нұрлан Байжұмановтың барлық шәкірттері туралы да айтуға болады. Екінші таймда «Ақсу» атақты қарсыластың қақпасына лап қойды, қауіпті сәттер көптеп орын алды. Бір ғана Ислам Алшымбаевтың есепті теңестіруге кемінде үш жақсы мүмкіндігі болды, бірақ доп қақпаға кірмей қойды. Павлодарлықтардың 21-ші нөмірі «Қайрат» қорғанысын өз финтімен әбден абыржытты. Ерасыл Мүбараков болса қапталда жақсы ойнады.
«Ақсуға» гол керек болды, сондықтан команданың қорғанысында саңылаулар пайда бола бастады. Кездесу соңына қарай қарсыластар екі гол соғып үлгерді, ал олардың бірін «Қайрат» тек пенальтидің көмегімен соқты – нәтижесінде 3:0 – жеңіс «Қайраттікі».
Ел біріншілігі аясында павлодарлықтар тағы үш ойын өткізуі керек. 4 қазанда Нұрлан Байжұмановтың командасы «Алашпен», 6 қазанда – «Шахтермен», 6 қазанда «Жетісумен» ойнайды.