Железин ауданында балалар өрт сөндірудің алғашқы құралын пайдаланды

Құтқарушылар мен шекарашылар оқушылар үшін мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Железин ауылының 6-7-сынып оқушылары үшін ерекше және өте танымдық ашық сабақ өтті. Оны ТЖД қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметінің кинологтарымен бірлесіп ұйымдастырды.
Балалар үшін бұл іс-шара нағыз мерекеге айналды: оқушыларға өрт сөндіру автокөліктерінің жұмысы, құтқарушылардың жабдықтары мен қару-жарақтарымен таныс болды, өрттерді сөндіру кезінде қалай әрекет ететіндігі көрсетілді. Сонымен қатар балалар өрт сөндірудің алғашқы құралы – өрт сөндіргішті қолданып, жұмысымен танысты.
Кинологтардың иттермен жұмысы балаларға ерекше әсер қалдырды. Шекарашылар өз жұмыстары туралы айтып, мемлекеттік қауіпсіздік ісінде төрт аяқты көмекшілердің не істей алатынын көрсетті.
Көрсетілімнен басқа, оқушыларға өрт қауіпсіздігінің қарапайым және қажетті ережелері туралы еске салынды. Балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, сабақтың әр кезеңін қызығушылықпен тамашалады.
Мұндай іс-шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, құтқарушы мамандығына деген құрметті тәрбиелеуге, ең бастысы, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретуге көмектеседі.