Павлодарлық жолшылар кадр тапшылығы мәселесін шешуде
Оқушылармен кәсіби бағдар беру кездесулері «2000 мектеп» акциясы аясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 мамырда сағат 11:00-де инновациялық үлгідегі №39 ЖОББМ мәжіліс залында кәсіптік бағдар беру кездесуі өтеді. Оған «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалдарының мамандары, университет педагогтары қатысады.
– Бірнеше жылдан бері елімізде автожол саласы мамандарының тапшылығы сезіліп келеді. Қонақтар болашақ мамандарды осы маңызды және сұранысқа ие мамандыққа тартуға тырысып, оқушыларға өз жұмысының мүмкіндіктері мен болашағы туралы айтып береді, – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Акция кадр тапшылығы мәселесін шешуге және автожолшының кәсібін насихаттауға бағытталған.