Қарағандылық сарапшылар Ертіс өзенін тексеруде
Мамандар ай сайын бақылау жүргізіп отырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қарағандылық орталық «GIO TRADE» ЖШС қызметкерлері Павлодар ауылында Ертіс өзенінің суын тексеріп, бақылау жүргізуде. Орталық бүгінгі таңда азық-түлік және құрылыс өнімдерін сертификаттау, зертханалық және аспаптық зерттеулер, экологиялық бақылау, клиникалық-диагностикалық зерттеулер, жұмыс орындарын куәландыру, өртке қарсы зертханалық қызметтермен айналысады.
– Біздің зертхана кең ауқымды нәрселермен айналысады, атап айтқанда, біз қазір су сынамасын алып жатырмыз. Яғни, Ертіс өзенінен жерүсті сулары алынып, кейін Қарағандыға тасымалданып, химиялық зертханаға тапсырылады. Ол жерде толық химиялық және мұнай-химиялық талдау, сондай-ақ консервіленген оттегінің талдауы жүргізіледі, – дейді «GIO TRADE» ғылыми орталығының техник-инженері Александр Иванов.
Спикердің айтуынша, су тек өзеннің бетінен алынбайды, судың астынан да сынамалар алынып, зерттеу жүргізіледі.
– Астыңғы шөгінділер, яғни лайлардан да сынамалар алынып, химиялық зертханаға тапсырылады. Сонымен қатар, басқа көрсеткіштербойынша да тексеріледі, – дейді Александр Иванов.
Сынамалар тек Павлодар қаласының аумағынан ғана емес, бұл жолы қызметкерлер үш нысаннан сынама алмақ.
– Железин ауданында орналасқан Прииртышск және Абай облысымен шекералас кіші Ақжар ауылдарынан алынады. Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жыл сайын әртүрлі көрсеткіштерді алу үшін нысандарды өзгертіп отырады, – дейді Александр Иванов.
Жыл бойы ай сайын көктемнен қазанға дейін осындай сынама алу шаралары жүргізілді. Бұл шаралар бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Өткен жылы да өңірдің сулары тексерілді. Алайда сынамалар басқа нысадардан алынды.
«GioTrade» ЖШС сынақ орталығында 2023 жылдың сәуір-қазан айлар аралығында Ертіс өзенінде жер үсті суы мен түптік шөгінділерден сынамалар алынды. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша химиялық көрсеткіштерге жүргізілетін барлық зерттеулері нормативтік құжаттарға сәйкес келетіндігі анықталды.
Бұл химиялық талдаулардың нәтижелері облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына хаттамалар және есептер түрінде берілді.
Аккредиттеу туралы куәлік
KZB7B406C0E2DF5D14 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № KZ.T.10.0491 аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелді.
Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетімен 2016 жылғы 21 шілдедегі No 01848Р мемлекеттік лицензиясы. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
Жарнамалық материал