Қазақстан электролиз зауытында газтазалау құрылғысында сүзгілер ауыстырылды

Қазақстан электролиз зауытында газтазалау құрылғысында сүзгілер ауыстырылды

Осындай жұмыстар бес жылда бір рет жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан электролиз зауыты алюминий электролизінің №4 цехындағы газтазалау құрылғысында жеңдік сүзгілер жоспарлы түрде ауыстырылды. Барлығы BWF неміс өндірушісінің 5400 жаңа сүзгісі орнатылды.

Осы тектес жұмыстар әр газтазалау құрылғысында бес жыл сайын бір рет жүргізіледі. Бұл экологиялық стандарттарды сақтау мен газ тазалаудың тиімділігінің жоғары деңгейін қолдауға бағытталды.

Глинозем көлігі және газ тазалау учаскесінің жеңдік сүзгілері кәсіпорын үшін ауқымды жұмыс атқарады. Олар алюминий өндірісі барысында зиянды заттарды ұстайды. Электролиз газын тазартып, кейін өндіріске кері қайтарады.

Бір газтазалау құрылғысы 72 электролизерге қызмет көрсетеді. Тастандылардың барлығы газ қалдықтары жүйесіне түседі. Бұл газты тазартау үшін сүзгілер мен глинозем пайдаланылып, газдарды құрғақ тазалау әдісі қолданылады. 

Кейін газдың глиноземмен байланысы кезінде газтазалау құрылғысындағы реакторларда химиялық реакция болады. Сол жерде газ глинозем мен сүзгілер арқылы өтеді. Ал тазаланған газ таза газ камерасына жойылады.

Бүгінгі таңда зауытта төрт газтазалау құрылғысы бар. Олардың әрқасысында BWF неміс өндірушісінің шамамен 5400 жеңдік сүзгі бар. Олар электролизді газдардың тазалау деңгейін 99,4%–ға жеткізуге мүмкіндік береді!

Сонымен қатар, Қазақстан электролиз зауыты аймақта алғашқылардың бірі болып газтазалау құрылғысында өнеркісіптік қалдықтардың автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізді. Енді алюминий өндірісі барысында қалыптасатын тазартылған газдардың барлық параметрлерін жүйе есептеп, мәліметтердің ұлттық банкіне бірден түседі. Сол жерде экологиялық көрсеткіштер бақыланады және олардың толық ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Сүзгілердің жоспарлы ауыстырылуы — Қазақстан электролиз зауытының экологиялық жауапкершілік пен тұрақты дамуы бағытындағы тағы бір қадамы.

Серіктестік материал