Павлодарда «Ричард ІІІ» қойылымының премьерасы көрсетіледі

Павлодарда «Ричард ІІІ» қойылымының премьерасы көрсетіледі
Фото: Аймауытов театры

Режиссері  – Сергей Левицкий, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс-Баян өңірінің рухани қарашаңырағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры  көрерменге Уильям Шекспирдің «Ричард ІІІ» қойылымының премьерасын ұсынады. 

– «Ричард III» пьесасы туындыда сипатталған XVI ғасырдағы тарихи оқиғалардың ретроспективасы емес. Бұл – Шекспирдің мәтіні арқылы қазіргі қоғамды, адамның зұлымдығы мен озбырлығының пайда болу табиғатын түсінуге бағытталған шығармашылық әрекет, – дейді театрда. 

Өтетін күні: 2023 жылдың 10,11 қараша  күндері.  

Уильям Шекспирдің 1592-1594 жылдар аралығында жазылған тарихи пьесасы Англия королі Ричард III билікке келуін және одан кейінгі қысқаша билігін бейнелейді.  Бұл «монодраманың» басты рөлі – король Ричард III. Шекспир оны билікке баратын ар-ұжданнан жұрдай зұлым адам ретінде шығарды, сонымен бірге бұл дарынды адамның психологиялық тұрғыдан күрделі дамыған сипаты.