Қазақстанның қай өңірінде әйелдер көп

Қазақстанның қай өңірінде әйелдер көп
Фото: Pexels.com/José Luis Photographer

Қазақстандағы әйелдер саны 10 488 074 адамға жетті, деп хабарлайды KAZINFORM Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың жасы бойынша үлесі мынадай: 0-15 жас — 29,1%, 16-60 жас — 55,5%, ал 61 жастан жоғары — 15,4%. Әйелдердің орташа жасы — 34,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 79,4 жыл.

Аймақтар бойынша ең көп әйелдер саны

Алматы қаласында — 1,2 млн

Түркістан облысында — 1 млн

Астана қаласында — 803,5 мың

Алматы облысында — 778,5 мың

Еңбек нарығында әйелдер

Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі 48% құрайды, яғни шамамен 4,4 миллион әйел. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы әйелдердің үлесі 50% шамасында болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында бұл көрсеткіш 45%-ға тең.

Жұмыспен қамтылған әйелдердің салалар бойынша үлесі:

Білім беру — 20%

Сауда — 19%

Денсаулық сақтау — 10%

Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 50,8% құрайды. Ең көп жұмыс істейтін әйелдер 35-44 жас аралығында, олардың саны 1,3 миллион адамға жетеді.