Павлодардағы уик-энд ауа райы қандай болады
Синоптиктер 7 наурызға болжамын әзірледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидромет хабарлағандай, сенбі күні ауа температурасы -0, +2 °C градусқа дейін көтеріледі. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде 0, -2 °C.
Облыс бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Күндіз 0, -5 °C, түнде -5-10, облыстың солтүстігінде -13 °C.