Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шекарашылар жүк көлігінен 30 мыңға жуық электрондық темекі тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 29 маусымда Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде жүк көлігінің тіркемесін тексеру кезінде басқа тауарлардың арасынан 27 624 вейп анықталған.

Алдын ала есеп бойынша тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің жалпы құны 500 миллион теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді елге әкелуге және өндіруге тыйым салынғанын еске салды.