ҚР Парламент Сенатының депутаты Павлодардың ЖЭО-ын аралап шықты
Станцияда 5 негізгі жабдықты жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов Парламент сенаторы Ернұр Айткеновпен «Павлодарэнерго» АҚ 3-ЖЭО-н аралап, ТМ-13 жылу магистраліндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
– Бүгінгі күні №1 қазандық пен №1 турбинаны жөндеу аяқталды. №3 қазандықта 23 сәуірден 20 шілдеге дейін, №6 турбинада 3 маусымнан 16 тамызға дейін жөндеу жұмыстары әлі жүргізілуде. №5 қазандықта жөндеу жұмыстары басталмады, – деді Ержан Иманзаипов өзінің «Instagram» парақшасында.
ТМ-13 жылу магистралінде ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шеңберінде құбырды монтаждау жұмыстары (2578 метрден 1200 метрге жуық салынған), жылу тораптарының түбі мен қабырғаларының іргетасын орнату бойынша жұмыстар (6 жылу камерасы), бекітілген тіректердің іргетасын орнату (6 дана), жер жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны іске асыру 41,5 мың адам тұратын Павлов – Шевченко – Катаев көшелері ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің гидравликалық режимін және жылумен жабдықтау сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram