Павлодар облысында жүзден астам автобус бағыты субсидияланады
Павлодар қаласындағы он трамвай бағытын субсидиялауға 3,3 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының мәліметінше, өткен жылы жалпы құны 19,2 миллиард теңгені құрайтын 48 қалалық, 26 облысішілік және 33 ауданішілік автобус бағыты субсидияланған.
– Облыстық бюджеттен бөлінген 825,6 миллион теңге есебінен қаладағы қоғамдық көлікте 84 мыңнан астам оқушы тегін жол жүру мүмкіндігімен қамтылды, – деп хабарлады мемлекеттік орган өкілдері.
Сондай-ақ өткен жылы облыстың автопаркі 42 жаңа автобуспен толықты. Оның ішінде 20 үлкен сыйымдылықтағы бірінші классты және 12 орта сыйымдылықтағы автобус Павлодар қаласының маршруттарына шығарылды. Ал Ақсу қаласында алты үлкен классты және төрт шағын автобус пайдалануға берілді.
Ведомствоның мәліметінше, өңірде барлығы 183 маршруттық қатынас бар. Оның ішінде жеті халықаралық, 34 облысішілік және 68 ауданішілік бағыт жұмыс істейді.