Павлодарға Беларусь елінен кезекті жаңа трамвай келді
Бұл – қатардағы алтыншы вагон, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Трамвай басқармасының мәліметінше, жақын күндері тағы бір вагон келеді деп күтілуде. Осылайша, кәсіпорын еуропалық сапаға сай заманауи вагондар санын алғашқы ондыққа жеткізуді жоспарлап отыр.
– Қала тұрғындары үшін жол жүруді барынша жайлы әрі ыңғайлы ету мақсатында жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңартып жатырмыз, – деп атап өтті ұйым басшылығы.
Айта кетейік, жаңа бес вагон қазірдің өзінде қала көшелерінде жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram