Екібастұздағы ЖЭО-да құбырлар жөнделуде

Екібастұздағы ЖЭО-да құбырлар жөнделуде

Жылу уақытша төмендетілген параметрлерде берілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, 18 ақпан күні сағат 04:55-те ЖЭО-дағы желілік су ысырмасы аймағында тығын сынған.  Құбырдың зақымданған жерін анықтау үшін №12, 13, 15 қазандық агрегаттары мен желілік сорғылар кезекпен тоқтатылды.  Станция қызметкерлері дереу зақымданған жерді кесіп, жөндеу жұмыстарын бастады.

Станцияның жұмысы тоқтатылмаған. №5, 6, 9 үш энергетикалық қазандық пен электр сорғылары жұмыс істеп тұрған. Желідегі су айналымы төмендетілген параметрлерде қамтамасыз етілді.

- Ақау бүгін сағат 15:30-ға дейін жойылады деп жоспарланған. Одан кейін тоқтап қалған қазандық қондырғылары толтырылып, кезең-кезеңімен іске қосылады.  Сағат 00:00-де станция желідегі температураны 60 °C параметрлеріне жеткізуді жоспарлап отыр, - деді кәсіпорында.

Жылу саласының қызметкерлері қала тұрғындарына жылу жүйесі қатып қалмас үшін тұрғын үйлердің құбырынан суды өз бетімен ағызбауды өтінді.

Фото:  Константин Шелков