Үш ауданның фермерлері Павлодарға өз өнімдерін әкеледі

Үш ауданның фермерлері Павлодарға өз өнімдерін әкеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сенбіде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің хабарлауынша, 23 желтоқсанда Торговая көшесі, 2А құрылысында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. 

Олар ет, сүт, картоп пен көкөністер әкелетін болады. Тауық жұмыртқасымен «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары қамтамасыз етеді.