Павлодар облысында жасы 100-ден асқан қанша қарт адам бар?
Қарттар күніне орай 20 мыңнан астам зейнеткер біржолғы төлем алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында барлық қала мен аудандарында бюджет қаражаты есебінен зейнетақының ең төменгі және ең төменгі мөлшерінен аз алатын зейнеткерлерге 2 АЕК (7384 теңге), 80 жастан асқан және зейнетақының ең төменгі және ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге 3 АЕК (11 076 теңге) біржолғы төлемдер жүргізілді.
Өңір бойынша 20 мыңнан астам ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткер аталмыш төлемді алды.
Бүгінгі таңда облыста жасы 100 жастан асқан ұзақ өмір сүретін алты тұрғын бар. Ең үлкені – 112 жастағы Құлжамила Ахмедьянова Павлодар қаласында тұрады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ел бойынша ең қарт қазақстандықтар сүретін өңірлер үштігіне Павлодар облысы кірді. Елімізде 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, ақ жаулықты әже биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті.