Ұлттық комиссияның мүшесі: Павлодарда қыздарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлініп отырғаны қуантады
М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайына ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Елена Семидоцких іссапармен келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің және «Аққу» облыстық жобасының жұмысы жайлы баяндады. 2021 жылдың сәуір айынан бастап кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтауға бағытталған республикадағы алғашқы «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы ұйымдастырылды.
– «Тәрбие алаңы» кеңсесінің өзекті бағыттарының бірі «Инабат» адамгершілік-құқықтық тәрбиесі болып табылады. Өткен жылдың қыркүйек айында Павлодар облысының білім беру ұйымдары оқушыларының ата-аналарына арналған «Позитивті ата-ана» ай сайынғы курсы іске қосылды. Әлеуметтік-құқықтық және психологиялық құзыреттілікті дамыту, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеу арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында 2021 жылы «Аққу» облыстық қыздар клубы өз жұмысын бастады, – деді Алма Ерубаева.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 251 «Аққу» клубы ашылған. «Аққу» клубы «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі, «Нұр Ана әлемі» ҚБ, «Сенім-ROOM» психологиялық көмек орталығы, «Сенімен болашақ» республикалық орталығы және облыстың медициналық орталықтарымен тығыз жұмыс істейді. Психологиялық тренингтер, халық қолөнершілерінің шеберлік сыныптары, тақырыптық кездесулер, Павлодар облысының әртүрлі кәсіп өкілдерімен және құрметті азаматтарымен кездесулер, әдеби қонақжайлар, «Шебер қолдар» әжелерінің шеберлік сыныптары, «Қызым, саған айтамын» дөңгелек үстелдері өткізіледі.
- Сіздер өз жұмыстарыңызда қыздарды тәрбиелеуге көп көңіл бөліп, оған әжелер, аналар, әкелер клубтарын тартқаныңыз қуантады. Қазақта «Қызды тәрбиелей отыра, бүкіл ұлтты тәрбиеле» деп бекер айтылмаған, - деді Елена Семидоцких.
«Аққу» клубының белсенді қатысушылары өздерінің авторлық қолдан жасаған жұмыстарын көрсетіп, домбырада ойнап, ән айтты.
Фото: М. Катаев атындағы оқушылар сарайы